Шал
Бұл фильм Эрнест Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясының желісі бойынша түсірілген.
Сюжеттік желіге келсек, жапан түзде көпті көрген Қасым шал мен оның немересі Ерасыл анасымен бірге өмір сүріп жатқан көріністен басталады. Фильм Қасым шалдың футболды өліп сүйетін жанкүйер екенімен қыза түседі. Испания футбол лигасын мүлт жібермей көретін шалдың немересі жаңа заманның ұрпағы. Оның ақыл-ой үрдісі тіптен бөлек.
Жаймашуақ жаз да бітіп, арты күздің ысқырық бораны өз қаһарына міне бастаған шақта көршісі Исабек қонақ ақысы ретінде қолқа салады. Ол өз достарымен біріге арақ ішу мақсатында Қасым шалға өз атарын беріп, қыстауға жөнелтеді.
There are no reviews yet.