«Балашка» фильмі жазғы демалысқа өз еркінен тыс атасына барған Аслан есімді жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Бастапқыда ол жаңа мекеннен, атасының бітпейтін әңгімелерінен түңіліп, өзін бөтен сезінеді. Бірақ көп ұзамай ол бұл жай демалыс емес, оның өмірін мәңгілікке өзгертетін қызықты шытырман оқиға екенін түсіне бастайды. Балашихада өткізген әр күні Аслан өмірінің жаңа қырларын ашады, жаңа достар […]
Ерлан есімді жігіт кітап дүкенінің Баян есімді қызметкеріне ғашық, бірақ онымен танысуға батылы жетпейді. Сол кездері ол әскерге шақырту алады, бірақ ағасының балалары оған көмектеседі: Ерлан олардың “әкесі” атанады. Ерлан алғыс ретінде балаларды дәмханаға апарғанда өзінің ғашығы Баянды кездестіріп қалады. Ол өзін қызға жалғызбасты әке ретінде таныстырады. Бұл кішкентай өтірік оған ғана емес, Ерланның жақындары […]
Шенеунік Қайрат аурухана салу бойынша тендерді жеңіп алады. Ол оны әлемдік деңгейдегі клиникаға айналдырамын деп уәде бергенімен, ол тек құрғақ уәде болып шығады, ал іс жүзінде сыбайлас жемқор салық төлеушілердің ақшасына өзіне үлкен саяжай салып алады. Көп ұзамай бұл іс Қаржы полициясының назарына түседі және түрмеге түспеу үшін Қайрат адвокатының кеңесімен өзін ауру етіп көрсетіп, […]
«Маған Назар аудар» фильмі атақты жазушы болуды армандайтын бірақ өмірі сәтсіздікке толы жігіттің жай-күйін баяндайды. Әйелі үнемі қаражаттың жетіспеушілігіне шағымданатындықтан, ерлі-зайыптылар жиі жанжалдасып қалады. Жігіт өмірдің бұл қиындығынан тек түсінде ғана құтылады. Бас кейіпкер түсінде сүйкімді арумен танысып, бақыт табады. Жігіт арудың атын да білмейді, бірақ ұйқысын ұзартудың және оның әрбір сәтін есте сақтаудың жолын […]
Қонақүйді туыстарымен бірге басқарып отырған Жомарт қалыңдығы Айсұлумен бірге бал айына аттанады. Әлбетте онымен бірге туыстары да ілеседі. Олар демалып жүріп, жаңа табыс көзін ашудың да жаңа идеяларын ойластырады. Сол жақта Кения ханзадасымен танысып, Африкадан арзанға шай сатып алуға болатынын біледі. Жаңа бизнес көзін таптым деп ойлаған кейіпкерлер Найробиге аттанады. Show More
«Қазақша бизнес Америкада» — толық метражды көркем фильм, «Қазақша бизнес» медиафраншизасының екінші фильмі. 2017 жылы Kazteleproduct киностудиясы шығарған. Фильм кішігірім қонақ үйдің қожайынының қызықты оқиғалары туралы. Шетелдік инвесторлармен сәтті келісімшарттан кейін Жомарт қонақ үйіне халықаралық дәрежені және 5 жұлдыз деген атақты алғысы келеді. Алайда кәсіпкердің алпауыт ойлары құрдымға ұшырайды. Істі қолға алу үшін ол Штаттарға […]
«Қазақша бизнес» — ойдан шығарылған кәсіпкер Жомарт Балтабаевтың өміріндегі оқиғаларға негізделген қазақстандық медиафраншиза. Франшиза 2016 жылы түсірілген «Қазақша бизнес» фильмінен бастау алады. Жомарт — қонақ үйі бар, қарапайым кәсіпкер. Оның кәсібінде жаңа леп пайда болады, оның жобасымен алпауыт инвестор қызығып отыр. Және ең жауапты сәтте, қонақ үйді презентацияға дайындау үшін барлық қызметкер жұмыстан кетіп қалады. […]
Hint: The password should be at least eight characters long. To make it stronger, use upper and lower case letters, numbers, and symbols like ! " ? $ % ^ & ).