Шенеунік Қайрат аурухана салу бойынша тендерді жеңіп алады. Ол оны әлемдік деңгейдегі клиникаға айналдырамын деп уәде бергенімен, ол тек құрғақ уәде болып шығады, ал іс жүзінде сыбайлас жемқор салық төлеушілердің ақшасына өзіне үлкен саяжай салып алады. Көп ұзамай бұл іс Қаржы полициясының назарына түседі және түрмеге түспеу үшін Қайрат адвокатының кеңесімен өзін ауру етіп көрсетіп, […]
«Маған Назар аудар» фильмі атақты жазушы болуды армандайтын бірақ өмірі сәтсіздікке толы жігіттің жай-күйін баяндайды. Әйелі үнемі қаражаттың жетіспеушілігіне шағымданатындықтан, ерлі-зайыптылар жиі жанжалдасып қалады. Жігіт өмірдің бұл қиындығынан тек түсінде ғана құтылады. Бас кейіпкер түсінде сүйкімді арумен танысып, бақыт табады. Жігіт арудың атын да білмейді, бірақ ұйқысын ұзартудың және оның әрбір сәтін есте сақтаудың жолын […]
Ақан Сатаевтің көркем драмалық фильмі. Фильм Қазақстанда, Әзірбайжан (Баку, Лагич) және Белоруссияда (Минск, Брест) түсіріліп, 2016 жылдың шілдесінде аяқталды. 3 сағатқа жалғасатын тарихи фильм 1930 жылдардағы қазақ халқының басына түскен нәубетті суреттейді. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше […]
Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың криминалдық экшн-фильмі. Фильмдегі басты рөлдерді Саят Исембаев пен Владимир Вдовиченков сомдады. Картинаның сюжеті 90-шы жылдары спортты қылмысқа ауыстырған бұрынғы боксшының өмір тарихына негізделген. Саян зиялы отбасында дүниеге келген, он екі жасынан бастап бокспен айналысып, спортта айтарлықтай жетістіктерді бағындырады. Мектепті бітірген соң жас жігіт әскерде қызмет етіп, университетті тәмамдайды. КСРО-ның ыдырауы және […]
Hint: The password should be at least eight characters long. To make it stronger, use upper and lower case letters, numbers, and symbols like ! " ? $ % ^ & ).