Оттегі – темір тордың ар жағында ауыр дертке шалдыққан қараңғы қылмыс әлемінің өкілі Ғабит туралы драмалық фильм. Оның өкпесі өздігінен дем ала алмайтындықтан енді ол үнемі оттегі баллонына тәуелді болуға мәжбүр. Ол емделуге жіберілген емхана дәрігерлері оған көмектесу тым кеш болуы мүмкін дейді. Әлсіз қалмауға бел буған Ғабит емханадан қашып шығып, өмірінің қалған сәттерін еркіндікте […]
«Дәстүр» қорқынышты фильмінің басты кейіпкері – шалғайдағы қазақ ауылының қызы бір күні зорлық-зомбылық құрбанына айналады. Көп ұзамай қыз жүкті екенін біледі, бірақ мұндағы консервативті қоғамның өз ережесі бар. Ауылға масқара болмаудың жалғыз жолы – зорлаған қызыңа үйлен. Жаңадан үйленген әйел күйеуінің үйіне көшіп келеді, бұл жерде қызды нағыз тозақ күтіп тұрған сияқты, бірақ бәрі керісінше […]
Фильмде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылған. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдар мен ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей және Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы баяндалады. Show More
Жемқор шенеунік туралы ирониялық қазақ комедиясының жалғасы. Бюджеттік ақшаны ұрлап әкеткен Қайрат есімді шенеунік екі жылдан бері түрмеде отыр. Темір тордың артында болса да ол жайлы қоныстанып, пайдалы таныстар тауып, бір сөзбен айтқанда, өзіне ыңғайлы өмірді жасап алады. Бостандық үшін билікпен мәмілеге келген шенеунік шытырман оқиғаға тап болады… Show More
Бұл фильм Эрнест Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясының желісі бойынша түсірілген. Сюжеттік желіге келсек, жапан түзде көпті көрген Қасым шал мен оның немересі Ерасыл анасымен бірге өмір сүріп жатқан көріністен басталады. Фильм Қасым шалдың футболды өліп сүйетін жанкүйер екенімен қыза түседі. Испания футбол лигасын мүлт жібермей көретін шалдың немересі жаңа заманның ұрпағы. Оның ақыл-ой үрдісі […]
Фильм сюжетінің негізіне жоңғарларға қарсы күресте ересек сарбаздармен бірге кең-байтақ жері мен елін қорғауға бел буған өжет те жас мың жауынгер туралы аңыз желісі алынған. Бейнефильм XVIII ғасырдың бірінші жартысында – қазақ тарихының бетбұрыс кезеңінде, жоңғарлармен қанды соғыста қазақ халқының бірлігі мен батырлығы еркіндік алу жолында шешуші күшке айналған кезде орын алады. Сюжетке сәйкес, қатыгез күресте ересектермен […]
Hint: The password should be at least eight characters long. To make it stronger, use upper and lower case letters, numbers, and symbols like ! " ? $ % ^ & ).