“Тастаймын-ау сені” фильмі – некесі ауыр сынақтан өткен ерлі-зайыптылар Жарас пен Алмагүлдің өмірі туралы фильм. Ірі компанияның табысты қызметкері Жарас әйелінің өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысын байқамай, тек материалдық қажеттіліктеріне ғана назар аударады. Күйеуінің тарапынан болған немқұрайлылықтан Алмагүл ішімдікке қалай салынғанын білмей қалады. Жаман әдет Жарастың жұмысында жанжалға әкеледі. Күрделі қадамға баруға бел буған Жарас әйелін […]
Майор Ербол әскерден босап, таңдау құқығы берілгеннен кейін оның өмірі күрт өзгеретінін ешқашан елестеткен емес: не мектепте НВП-да мұғалім болып жұмыс істеп, тентек 11 «Б» сыныбына сынып жетекшісі болады немесе мәңгіліккке әскерден тыс қызмет етеді. Ол жаңа қызметке кірісе отырып, ротаны басқару жасөспірімдер тобын басқарумен бірдей емес екенін түсінеді. Show More
Бақыт – орта жастағы ер адам, Шри-Ланка елінде өз бастығымен жүр. Бірнеше басынудан кейін, бастығымен сөзге келіп, соңында жұмыстан қуылады. Бөтен елде ақшасыз, білімсіз Бақыт қалай елге қайтарын білмей, аэропортта сандалып жүреді. Қуанышына орай, Қазақстан деген жазуы бар киім киген адамды жолықтырады. Ол болса, қыздар волейбол командасына шақырылған тренер екен. Жағдайды түсіндірген соң тренер көмектесетін […]
Дарын – театрдың талантты актері, әйел рөлін тамаша сомдайды. Бірақ мықты актер болса да, оның сахна сыртындағы өмірінде көптеген қиындық бар. Жақын достары қалмаған құмар ойыншы туыстарын несие мен қарызға батырғанымен қоймай, өзінің барлық танысына да қарыз. Кезекті спектакльден кейін Дарын ақшаны дереу қайтаруды талап етіп, Қанатты күтіп отыр. Басты кейіпкер өзінің импровизациясы мен тапқырлығының […]
Ауғанстаннан Қазақстанға ірі көлемде есірткі келеді. Мұны тоқтату үшін арнайы топ құрылуы керек. Министрлік ол жаққа барлаушы Оразды және оның Ауғанстандағы соғысқа қатысқан, елді жақсы білетін екі досын жіберуді ұйғарады. Үш ардагерге «қарттарды» менсінбейтін жас барлаушы қосылады. Олар екі ұрпақ арасындағы кикілжіңге қарамастан, есірткі мәселесін шешуі керек. Show More
«Балашка» фильмі жазғы демалысқа өз еркінен тыс атасына барған Аслан есімді жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Бастапқыда ол жаңа мекеннен, атасының бітпейтін әңгімелерінен түңіліп, өзін бөтен сезінеді. Бірақ көп ұзамай ол бұл жай демалыс емес, оның өмірін мәңгілікке өзгертетін қызықты шытырман оқиға екенін түсіне бастайды. Балашихада өткізген әр күні Аслан өмірінің жаңа қырларын ашады, жаңа достар […]
“Жездуха” фильмінің басты кейіпкері – жуырда үйленген, бірақ баспанаға ақшасы болмағандықтан, енесінің қолында уақытша баспанада тұруға мәжбүр болған жас қазақ Қанат. Бір күні Қанат бұрынғы сыныптасы Дарханды кездестіріп қалады, ол оны мемлекеттік бағдарламаны пайдаланып, еліміздің солтүстігіндегі ауылға көшуге шақырады. Қанат бұл ұсынысты қуана қабылдап, әйелі Айжамал мен екі жолдасы Ерома мен Мансарды қоса ертіп кетеді. […]
Ерлан есімді жігіт кітап дүкенінің Баян есімді қызметкеріне ғашық, бірақ онымен танысуға батылы жетпейді. Сол кездері ол әскерге шақырту алады, бірақ ағасының балалары оған көмектеседі: Ерлан олардың “әкесі” атанады. Ерлан алғыс ретінде балаларды дәмханаға апарғанда өзінің ғашығы Баянды кездестіріп қалады. Ол өзін қызға жалғызбасты әке ретінде таныстырады. Бұл кішкентай өтірік оған ғана емес, Ерланның жақындары […]
Жемқор шенеунік туралы ирониялық қазақ комедиясының жалғасы. Бюджеттік ақшаны ұрлап әкеткен Қайрат есімді шенеунік екі жылдан бері түрмеде отыр. Темір тордың артында болса да ол жайлы қоныстанып, пайдалы таныстар тауып, бір сөзбен айтқанда, өзіне ыңғайлы өмірді жасап алады. Бостандық үшін билікпен мәмілеге келген шенеунік шытырман оқиғаға тап болады… Show More
Шенеунік Қайрат аурухана салу бойынша тендерді жеңіп алады. Ол оны әлемдік деңгейдегі клиникаға айналдырамын деп уәде бергенімен, ол тек құрғақ уәде болып шығады, ал іс жүзінде сыбайлас жемқор салық төлеушілердің ақшасына өзіне үлкен саяжай салып алады. Көп ұзамай бұл іс Қаржы полициясының назарына түседі және түрмеге түспеу үшін Қайрат адвокатының кеңесімен өзін ауру етіп көрсетіп, […]
«Маған Назар аудар» фильмі атақты жазушы болуды армандайтын бірақ өмірі сәтсіздікке толы жігіттің жай-күйін баяндайды. Әйелі үнемі қаражаттың жетіспеушілігіне шағымданатындықтан, ерлі-зайыптылар жиі жанжалдасып қалады. Жігіт өмірдің бұл қиындығынан тек түсінде ғана құтылады. Бас кейіпкер түсінде сүйкімді арумен танысып, бақыт табады. Жігіт арудың атын да білмейді, бірақ ұйқысын ұзартудың және оның әрбір сәтін есте сақтаудың жолын […]
Қонақүйді туыстарымен бірге басқарып отырған Жомарт қалыңдығы Айсұлумен бірге бал айына аттанады. Әлбетте онымен бірге туыстары да ілеседі. Олар демалып жүріп, жаңа табыс көзін ашудың да жаңа идеяларын ойластырады. Сол жақта Кения ханзадасымен танысып, Африкадан арзанға шай сатып алуға болатынын біледі. Жаңа бизнес көзін таптым деп ойлаған кейіпкерлер Найробиге аттанады. Show More
«Қазақша бизнес» — ойдан шығарылған кәсіпкер Жомарт Балтабаевтың өміріндегі оқиғаларға негізделген қазақстандық медиафраншиза. Франшиза 2016 жылы түсірілген «Қазақша бизнес» фильмінен бастау алады. Жомарт — қонақ үйі бар, қарапайым кәсіпкер. Оның кәсібінде жаңа леп пайда болады, оның жобасымен алпауыт инвестор қызығып отыр. Және ең жауапты сәтте, қонақ үйді презентацияға дайындау үшін барлық қызметкер жұмыстан кетіп қалады. […]
“Рио” — режиссер Карлус Салданьяның американдық-бразилиялық толықметражды анимациялық музыкалық фильмі. Мультфильмде сирек кездесетін құс түрлерін заңсыз әкетумен айналысатын контрабандашылар тобы ұрлап әкеткен екі тотықұстың шытырман оқиғалары суреттеледі. Рио-де-Жанейро қаласындағы күтпеген кездесулер, түрлі кедергілер, қауіп-қатер және өзі сияқты тотықұсқа деген сүйіспеншілік кейіпкерімізді дүниеге басқаша қарауға және қызықсыз үй иесінен достық пен батылдықтың қадірін білген сүйкімді тотықұсқа […]
Hint: The password should be at least eight characters long. To make it stronger, use upper and lower case letters, numbers, and symbols like ! " ? $ % ^ & ).