Жемқор шенеунік туралы ирониялық қазақ комедиясының жалғасы. Бюджеттік ақшаны ұрлап әкеткен Қайрат есімді шенеунік екі жылдан бері түрмеде отыр. Темір тордың артында болса да ол жайлы қоныстанып, пайдалы таныстар тауып, бір сөзбен айтқанда, өзіне ыңғайлы өмірді жасап алады. Бостандық үшін билікпен мәмілеге келген шенеунік шытырман оқиғаға тап болады… Show More
Қонақүйді туыстарымен бірге басқарып отырған Жомарт қалыңдығы Айсұлумен бірге бал айына аттанады. Әлбетте онымен бірге туыстары да ілеседі. Олар демалып жүріп, жаңа табыс көзін ашудың да жаңа идеяларын ойластырады. Сол жақта Кения ханзадасымен танысып, Африкадан арзанға шай сатып алуға болатынын біледі. Жаңа бизнес көзін таптым деп ойлаған кейіпкерлер Найробиге аттанады. Show More
«Қазақша бизнес» — ойдан шығарылған кәсіпкер Жомарт Балтабаевтың өміріндегі оқиғаларға негізделген қазақстандық медиафраншиза. Франшиза 2016 жылы түсірілген «Қазақша бизнес» фильмінен бастау алады. Жомарт — қонақ үйі бар, қарапайым кәсіпкер. Оның кәсібінде жаңа леп пайда болады, оның жобасымен алпауыт инвестор қызығып отыр. Және ең жауапты сәтте, қонақ үйді презентацияға дайындау үшін барлық қызметкер жұмыстан кетіп қалады. […]
Hint: The password should be at least eight characters long. To make it stronger, use upper and lower case letters, numbers, and symbols like ! " ? $ % ^ & ).