Жемқор шенеунік туралы ирониялық қазақ комедиясының жалғасы. Бюджеттік ақшаны ұрлап әкеткен Қайрат есімді шенеунік екі жылдан бері түрмеде отыр. Темір тордың артында болса да ол жайлы қоныстанып, пайдалы таныстар тауып, бір сөзбен айтқанда, өзіне ыңғайлы өмірді жасап алады. Бостандық үшін билікпен мәмілеге келген шенеунік шытырман оқиғаға тап болады… Show More
“Қазақша бизнес Кореяда” — толық метражды көркем фильм, “Қазақша бизнес” медиафраншизасының төртінші фильмі. 2019 жылы Kazteleproduct мен The Groove киностудиялары шығарған. Жомарт Қанатұлының отелінде халықаралық конференция өтпекші. Онда жаңа техника түрлері таныстырылады. Жомарт сол себепті отелді жоғары технологиялық тұрмыс техникасымен жарақтай бастайды. Бірақ швейцар Бақдәулет өте қымбат жабдықты сындырып алады. Оны тек Сеулде ғана жөндейді. […]
“Рио” — режиссер Карлус Салданьяның американдық-бразилиялық толықметражды анимациялық музыкалық фильмі. Мультфильмде сирек кездесетін құс түрлерін заңсыз әкетумен айналысатын контрабандашылар тобы ұрлап әкеткен екі тотықұстың шытырман оқиғалары суреттеледі. Рио-де-Жанейро қаласындағы күтпеген кездесулер, түрлі кедергілер, қауіп-қатер және өзі сияқты тотықұсқа деген сүйіспеншілік кейіпкерімізді дүниеге басқаша қарауға және қызықсыз үй иесінен достық пен батылдықтың қадірін білген сүйкімді тотықұсқа […]
Hint: The password should be at least eight characters long. To make it stronger, use upper and lower case letters, numbers, and symbols like ! " ? $ % ^ & ).