Анаға апарар жол
Ақан Сатаевтің көркем драмалық фильмі. Фильм Қазақстанда, Әзірбайжан (Баку, Лагич) және Белоруссияда (Минск, Брест) түсіріліп, 2016 жылдың шілдесінде аяқталды. 3 сағатқа жалғасатын тарихи фильм 1930 жылдардағы қазақ халқының басына түскен нәубетті суреттейді.
Оқиғаның негізгі желісі қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді.
Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.
There are no reviews yet.