Солай болып қалды

47 Views
0
202480 mins

Бақыт – орта жастағы ер адам, Шри-Ланка елінде өз бастығымен жүр. Бірнеше басынудан кейін, бастығымен сөзге келіп, соңында жұмыстан қуылады. Бөтен елде ақшасыз, білімсіз Бақыт қалай елге қайтарын білмей, аэропортта сандалып жүреді.

Қуанышына орай, Қазақстан деген жазуы бар киім киген адамды жолықтырады. Ол болса, қыздар волейбол командасына шақырылған тренер екен. Жағдайды түсіндірген соң тренер көмектесетін болып келіседі. Сол уақытта көлік қағып, екеуі де ауруханаға түседі.

Бақыт оянғанда алдында команданың сұлу қыздары тұрады, жеңіл жарақат алыпты, бірақ тренер әлі есін жимаған. Сөйлесе келе, екеуін тіркегенде аттарын шатастырып жібергенін, қыздар оны тренерлері екен деп ойлап қалғанын түсінеді.

Ол шатасқандарын айтқысы келгенде, командадағы Айгерім есімді қызды көріп ғашық болып, өз жағдайына қарап соңында үндемей келісе салады. Бұл өтірігі оны махаббат, спорт, авантюраға толы қандай оқиғаларға апаратынын ол тіпті білмеген.

Be the first to review “Солай болып қалды”

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

There are no reviews yet.

Share

Movies
Tv Shows
Videos
Search